АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ!

Бәрімізге мәлім, бүгінгі күні елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты балаларымыз қашықтан оқуға көшті.
«Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әрдайым жақсылық жасағысы келіп тұрады» демекші, осы тұста Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебінің директоры Есдәулетов Қуат Райқұлұлының бастауымен көпбалалы, аз қамтылған отбасыларының жағдайын ескере отырып, балалардың қашықтықтан толықтай білім алуына байланысты компьютер және оқу құралдарымен қамтамасыз етіп отыр. Осындай көмек алған отбасылардың бірі, мен – көпбалалы ана Темірбекова Науатгүл.
«Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» деп данышпан халқымыз айтып кеткендей, ең бірінші жүзінен мейірімі төгіліп тұратын адамдар ешқашан таусылмасын. Өйткені, шынайы мейірімді адам ғана өзінен гөрі айналаны қоршағандарға қамқор бола біледі.
Осы қиын-қыстау кезінде балаларымды білім нәрімен сусындатып, қандай жағдай болмасын жұмыстарын тоқтатпай, қал-жағдайымызды сұрап, сабырлыққа шақырып отырған мектеп директорына және мектеп ұжымына алғысым шексіз. Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін. Біз біргеміз!
Науатгүл ТЕМІРБЕКОВА,
Сырымбет ауылының тұрғыны, көпбалалы ана.