ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ: АПТА БАРЫСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС

1) Аудандық білім бөлімі және білім мекеме-лерінен ашылған сall-орталықтары күнделікті жұмыс жасауда.
2) Аудандық білім мекемелерінде қағаз жүзінде оқитын 144 оқушыға тапсырмаларды жеткізетін операторлардың жеке әр елді мекен бойынша маршруттық схемалары жасалынып, сол бойынша жұмыстарын атқаруда.
3) Аудан оқушыларының қашықтықтан оқыту барысында қолдау көрсету, бос уақытын тиімді және пайдалы өткізу, қызығушылығы мен шығармашылығын арттыру мақсатында инстаграм әлеуметтік желісінде «eskeldi_balalary» атты парақша ашылып, күнделікті жаңа посттар жүктелуде.
4) Қашықтықтан оқыту барысында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы аудандық білім бөлімінің әлеуметтік желілерінде ардагер ұстаздардың, аудандық білім мекемелерінің қолдауы жарияланды.
5) «Қашықтықтан оқыту ата-аналар көзімен» айдарымен бейнероликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерге орналастырылды.
6) Қашықтықтан оқыту барысымен ата-аналарды, аудан тұрғындарын таныстыру мақсатында аудандық баспасөз орталығы құрылып, жұмыс жасауда.
7) Облыстық оқу-әдістемелік орталығымен өткен бейнеконференцияда «Қашықтықтан оқыту жағдайында білім мекемелеріне әдістемелік қолдау көрсету» тақырыбында әдістемелік кабинет іс-тәжірибесімен бөлісті.
8) Мектеп оқушыларына, ата-аналарға, сынып жетекшілеріне психологиялық қолдау көрсету мақсатында аудандық чат ашылып, келіп түскен сұрақтарға кәсіби тұрғыдан кеңес берілуде.