ҚИЫНДЫҚТА БІР-БІРІМІЗГЕ ДЕМЕУ БОЛАЙЫҚ

«Біз біргеміз» республикалық акция аясында Төлеңгіт ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен және ауылымыздың мәрт азаматтары, жеке кәсіпкерлер Н.Сейілбеков екі аз қамтылған отбасына, И.Виршки он аз қамтылған отбасына қажетті азық-түлікпен көмек көрсетті.
Осындай акцияға үн қосып, көмек қолын созған жомарт жандарға айтар алғысымыз шексіз.
Еліміздің басына түскен індетті бірлікпен шыдамдылық-пен жеңуге әр адам өз үлесін қосса нұр үстіне нұр болар еді.
Елімізде бұндай шаралар, халықты түрлі қолдаулар күшейтіліп отыр. Ел болып бірігіп, бұл сынақтан сүрінбей өтіп, Тәуелсіздігімізді сақтап, «Мәңгілік елге» айналуға тиіспіз.
Қанат САТАНОВ,
Төлеңгіт ауылдық округінің әкімі.