АЗЫҚ-ТҮЛІК ДҮКЕНДЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ескелді ауданында орналасқан халық көп жүретін дүкендердегі азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізілді.
Елімізде орын алып отырған жағдайға байланысты халық күнделікті қолданатын азық-түлік бағаларының шарықтап кетпеуінің алдын алу маңызды. Азық-түлік бағаларын үнемі назарда ұстайтын аудандық кәсіпкерлік бөлімі осы жолы айрықша көңіл бөлді. Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Г.Көшемісова дүкен сатушыларына тауар жеткізетін мекемелер бағаны негізсіз көтеріп жатса, дереу хабардар етуін сұрады.
Мониторинг барысында азық-түліктің орташа бағалары төмендегідей: ұн І сорт (1кг) 130 тг, макарон өнімдері (1кг) 178 тг, күріш (1кг) 288 тг, қант (1кг) 232 тг, қарақұмық (1кг) 310 тг, өсімдік майы (1л) 395 тг картоп (1кг) 100 тг, сәбіз (1кг) 130 тг, пияз (1кг) 130 тг, жұмыртқа (10 дана) 346 тг, сүт 2,5% (1л) 184 тг, айран 2,5% (1л) 186 тг, сиыр еті (1кг) 1800 тг және тауық еті (1кг) 790 тг.
Сонымен қатар коронавирус инфекциясына байланысты жарияланған қаулылар мен кейінгі жаңалықтардан халық хабардар болсын деген мақсатта дүкендерге аудандық газеттің соңғы нөмірі таратылды.
Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА.