АУЛАЛАРДЫ КӨГАЛДАНДЫРУҒА ТАПСЫРМА БЕРІЛДІ

Өткен аптада аудан әкімі Рауан Рақымбеков жұмыс айналымы аясында бірнеше нысандарды аралады.
Аудан басшысы Абай ауылында орналасқан қатты қалдықтарды қайта өңдеу полигонын тексеруге барды. Полигонға келген барлық көліктер тек жергілікті қоқысты тасымалдайды. Аумаққа облыстың басқа аудандарынан қоқыс тастайтын машиналар жіберілмейді.
Келесі кезекте жұмыс аудан басшысы жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатқан құрылыс алаңында болды. Мектеп 180 орынға арналған. Кең сыныптар, асхана, спорт залының жобалары оқушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігінің заманауи талаптарына сәйкес жүзеге асырылған. Оның құрылысына ең қатаң талаптар қойылады. Өйткені, 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау соғылуы керек.
Бірінші кезекте аудан әкімі жұмыстың сапасына ерекше назар аударып, мердігерлерге барлық гигиена стандарттарын сақтауды тапсырды.
Бұдан кейін «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қарабұлақ ауылында салынып жатқан денешынықтыру-сауықтыру орталығында болып, орталықты жасаушылармен кездесті. Жұмыс барысымен танысып, мердігерлерге сапалы жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар аудан әкімі Қарабұлақ ауылының орталық көшелері мен көпқабатты үйлердің маңын көгалдандыру бағытына баса назар аударды. Алдағы уақытта аталған нысандардың маңына ағаш отырғызылып, гүл егілетін болады.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.