Президент тапсырмаларын орындау: Үкімет 2025 жылға арналған су саласын дамыту жұмыстарын қорытындылады

📌Үкіметтің 2025 жылға арналған жұмысын қорытындылау аясында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің саланы дамыту бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі өтуде.

2025 жылғы Үкімет жұмысын қорытындылау аясында су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Astana Hub алаңында саланы дамытуға арналған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуі өтуде.

Министр 2025 жылы Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту бойынша 145 жоба жүзеге асырылып жатқанын, 300-ге жуық нысан үшін жобалау-сметалық құжаттама және техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатқанын хабарлады.

Бүгінгі таңда Алматы облысындағы Қызылағаш су қоймасы мен Абай облысындағы Шар су қоймасын реконструкциялау, сонымен қатар Астана қаласының негізгі ауыз су көзі болып саналатын Астана су қоймасын ауқымды тазартудың бірінші кезеңі аяқталды.

«Биыл Қапшағай су қоймасын реконструкциялау және Батыс Қазақстан облысында 58 жылда алғаш рет Киров су қоймасын күрделі реконструкциялау аяқталады. 2024 жылы Ақтөбе су қоймасының реконструкциясы аяқталып, сондай-ақ бес жыл бойы тоқтап тұрған Қызылорда су торабын жаңғырту жұмыстары қайта жалғасын тапты»,

— деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.



Исполнение поручений Президента: Правительство подводит итоги развития водной отрасли за 2025 год

📌В рамках подведения итогов деятельности Правительства в 2025 году проходит встреча министра водных ресурсов и ирригации Нуржана Нуржигитова с представителями средств массовой информации, посвященная развитию отрасли.

Министр сообщил, что в 2025 г. в Казахстане реализуется 145 проектов по развитию водохозяйственной инфраструктуры, разрабатывается проектно-сметная документация и технико-экономическое обоснование для порядка 300 объектов.

На сегодня завершена реконструкция Кызылагашского водохранилища в Алматинской области и Чарского водохранилища в области Абай. Кроме того, завершен первый этап масштабной очистки Астанинского водохранилища, который является основным питьевым источником города Астана.

«В текущем году завершится реконструкция Капчагайского водохранилища и проводимая впервые за 58 лет капитальная реконструкция Кировского водохранилища в Западно-Казахстанской области. В 2024 году завершена реконструкция Актюбинского водохранилища, а также приостановленная на протяжении пяти лет реконструкция Кызылординского гидроузла»,

— отметил Нуржан Нуржигитов.

📱@KZgovernment