Президент тапсырмаларын орындау: Үкімет 469 мыңнан астам адамды ауыз сумен жабдықтауды жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде

📌Су ресурстары және ирригация министрлігі 469 мыңнан астам адам тұратын 224 елді мекенді сумен қамтамасыз ететін 13 топтық су құбырын пайдалануға беруге дайындалуда. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет қызметінің жылдық қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Оның ішінде 32 мың тұрғыны бар 43 елді мекен алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында Есіл топтық су құбырын реконструкциялау жобасы аясында 52 ауылдағы ауызсу мәселесі жақсартылды. Бұл елді мекендерде 35 мыңнан астам адам тұрады.

Жоба аясында 100 шақырымнан астам су құбыры желісінде жұмыстар жүргізілді. Ұлытау облысында жүзеге асырылып жатқан Есқұла су құбырын салу жобасы нәтижесінде 75 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендердің ауызсумен қамтылу деңгейі жақсаруда»,

— деді Нұржан Нұржігітов.

Өткен жылы 6 облыста 8 топтық су құбырын реконструкциялау және салу аяқталғаны, бұл 208 мың адам тұратын 49 елді мекенді сумен жабдықтау жүйесін едәуір жақсартуға мүмкіндік бергені атап өтілді.

Исполнение поручений Президента: Правительство ведет работу по улучшению питьевого водоснабжения более 469 тыс. человек
📌Министерство водных ресурсов и ирригации готовится ввести в эксплуатацию 13 групповых водопроводов, обеспечивающих водоснабжение 224 населенных пунктов, в которых проживает более 469 тысяч человек. Об этом сообщил министр водных ресурсов и ирригации Нуржан Нуржигитов на пресс-конференции, посвященной итогам деятельности ведомства за год.

«В их числе 43 населенных пункта с населением в 32 тыс. человек впервые подключены к централизованному водоснабжению. К примеру, в рамках проекта по реконструкции Ишимского группового водопровода в Северо-Казахстанской области улучшено водообеспечение 52 сельских населенных пунктов, где проживает свыше 35 тыс. жителей. При этом работы проводились на более чем 100 км водопровода.

По проекту строительства Эскулинского водовода в области Ұлытау улучшается водообеспеченность населенных пунктов, в которых проживает свыше 75 тыс. жителей»,

— сказал Нуржан Нуржигитов.

Отмечено, что в прошлом году была завершена реконструкция и строительство восьми групповых водопроводов в 6 областях, что значительно улучшило систему водоснабжения 49 населенных пунктов, в которых проживают 208 тыс. человек.