Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру: 795 мың тонна қалдық жиналды📌Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы және «Таза Қазақстан» бастамасының нәтижелері туралы баяндады.
Министр Президенттің бастамасымен бекітілген 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы еліміздегі экологиялық қозғалысқа жаңа серпін бергенін хабарлады. Осы жылы 1 250 іс-шара өткізілді, оған 6,4 млн адам қатысты. 1 млн гектардан астам аумақ тазартылып, 795 мың тонна қалдық жиналып, 2,8 млн ағаш отырғызылды.
«Азаматтарды тарту мақсатында @TazaQazBot чат-боты іске қосылды. 25 мың өтініш келіп түсті, оның 23,6 мыңы орындалды, бұл оның кері байланыс құралы ретіндегі тиімділігін растады. Бұл тұрғындардың сұраныстарына жедел ден қоюға мүмкіндік береді»,
— деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.
Сонымен қатар Қазақстан халықаралық аренада өз позициясын нығайтуда. 2026 жылы Қазақстан климаттық және экологиялық сын-қатерлер бойынша келісілген шешімдер әзірлеу мақсатында Орталық Азия елдерінің Өңірлік экологиялық саммитін өткізеді.
➖
Реализация инициативы Президента «Таза Қазақстан»: собрано 795 тыс. тонн отходов
📌В рамках серии итоговых пресс-конференций Правительства Министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев доложил о ходе исполнения поручения Главы государства по развитию экологической культуры и результатах инициативы «Таза Қазақстан».
Министр сообщил, что утвержденная по инициативе Президента Концепция «Таза Қазақстан» на 2024–2029 годы придала новый импульс экологическому движению в стране. В текущем году проведено 1 250 мероприятий, в которых приняли участие 6,4 млн человек. Совместными усилиями очищено более 1 млн га территории, собрано 795 тыс. тонн отходов и высажено 2,8 млн деревьев.
«Для вовлечения граждан запущен чат-бот @TazaQazBot. Поступило 25 тыс обращений, из них 23,6 тыс уже выполнены, что подтвердило его эффективность как инструмента обратной связи. Это позволяет оперативно реагировать на запросы жителей»,
— отметил Ерлан Нысанбаев.
Кроме того, Казахстан укрепляет позиции на международной арене. В 2026 году страна проведет Региональный экологический саммит стран Центральной Азии для выработки согласованных решений по климатическим и экологическим вызовам.