📌Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елді көгалдандыру жөніндегі ауқымды бағдарламаның жүзеге асырылу барысы және орман қорын сақтау жөніндегі шаралар туралы айтты.
Ведомство басшысы елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу бойынша тапсырма толық көлемде орындалғанын – 18,1 млн ағаш отырғызылғанын хабарлады.
Орман қорында 2 млрд ағаш отырғызу міндетін жүзеге асыру жалғасуда: 2021-2025 жылдары 1,5 млрд көшет отырғызылды. Келесі жылы 208 млн-нан астам көшет отырғызу жоспарлануда.
«Біз ағаш отырғызу көлемін арттырып қана қоймай, бар ормандарды өрттен қорғауды күшейтеміз. 2025 жылы 355 бірлік арнайы техника сатып алынды, ал келесі жылдың басында тағы 697 бірлік жеткізіледі. Өртті ерте анықтау жүйесі қазірдің өзінде 1,6 млн гектарды қамтиды, 2026 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 5,4 млн гектарға жетеді»,
— деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.
Шөлге айналуға қарсы белсенді жұмыс жүргізілуде. Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін зерделеу мақсатында Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты құрылды, ал экожүйені қалпына келтіру үшін ауданы 1,3 млн гектардан асатын «Арал орманы» резерватын құру бойынша шаралар қабылдануда.
➖
Высажено 1,5 млрд сеянцев: как в Казахстане восстанавливают леса и борются с опустыниванием
📌В рамках серии итоговых пресс-конференций Правительства Министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев рассказал о ходе реализации масштабной программы по озеленению страны и мерах по сохранению лесного фонда.
Глава ведомства сообщил, что поручение по высадке 15 млн деревьев в населенных пунктах выполнено с опережением – фактически высажено 18,1 млн. В лесном фонде продолжается реализация задачи по посадке 2 млрд деревьев: за 2021–2025 годы уже высажено 1,5 млрд сеянцев. В следующем году планируется высадить еще более 208 млн.
«Мы не только наращиваем объемы лесопосадок, но и усиливаем защиту существующих лесов от пожаров. В 2025 году приобретено 355 единиц спецтехники, а в начале следующего года поступит еще 697 единиц. Система раннего обнаружения пожаров уже охватывает 1,6 млн га, к концу 2026 года этот показатель достигнет 5,4 млн га»,
— отметил Ерлан Нысанбаев.
Также ведется активная работа по борьбе с опустыниванием. На осушенном дне Аральского моря проведены лесомелиоративные работы на площади более 920 тыс. га. Для изучения проблем региона создан Казахский научно-исследовательский институт Каспийского моря, а для восстановления экосистемы создается резерват «Арал орманы» площадью свыше 1,3 млн га.