📌Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ведомствоның экологиялық жағдайды жақсарту, қалдықтарды басқару және биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі жұмысының нәтижелері туралы баяндады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ірі кәсіпорындардың нормативтік шығарындыларының көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 148 мың тоннаға немесе 7,2%-ға төмендеді. Бұл ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу арқылы қамтамасыз етілуде
Жағдайды бақылау үшін автоматтандырылған мониторинг жүйелері енгізілуде.Бүгінде кәсіпорындарда орнатылған 78 жүйенің 74-і ауа ластануы туралы деректерді нақты уақыт режимінде беріп отыр.
Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық түзіледі. Қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі 2024 жылы 25,8%-ды құраса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 28,6%-ға дейін өсті.
«Қалдықтарды басқару саласында 63 жоба мақұлданып, олардың 22-сі 89,4 млрд теңге сомасына қаржыландырылды. 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 40%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз»,
— деді Ерлан Нысанбаев.
Бұдан бөлек, Астана, Алматы және Шымкентте үш қоқыс өртейтін зауыт салу жоспарлануда. Жобаға салынатын инвестиция көлемі 293 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін анықтау және жою бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Биыл ғарыштық мониторинг арқылы 3 827 қоқыс орны анықталып, олардың 3 464-і немесе 91%-ы жойылды. 2018 жылмен салыстырғанда заңсыз қоқыс орындарының саны 45%-ға азайды.
➖
Выбросы снизились на 7,2%, ликвидировано 91% свалок: Ерлан Нысанбаев об экологической ситуации в стране
📌В рамках серии итоговых пресс-конференций Правительства Министр экологии и природных ресурсов Ерлан Нысанбаев доложил о результатах работы ведомства по улучшению экологической обстановки, управлению отходами и сохранению биоразнообразия.
По итогам 2025 года объемы нормативных эмиссий крупнейших предприятий снизились на 148 тыс. тонн, или 7,2% по сравнению с 2022 годом. Это достигнуто благодаря переходу на наилучшие доступные технологии.
Для контроля за ситуацией внедряются автоматизированные системы мониторинга. На сегодня 74 из 78 предприятий передают данные о загрязнении в режиме реального времени.
По словам министра, ежегодно в стране образуется более 4,5 млн тонн коммунальных отходов. Уровень их переработки в 2025 году вырос до 28,6%.
«Одобрено 63 проекта в сфере управления отходами, из которых 22 уже профинансированы на сумму 89,4 млрд тенге. К 2030 году мы планируем достичь показателя переработки в 40%»,
— сообщил Ерлан Нысанбаев.
Кроме того, планируется строительство трех мусоросжигательных заводов в Астане, Алматы и Шымкенте. Инвестиции в проект составят 293 млрд тенге. Параллельно ведется борьба с несанкционированными свалками. В этом году космический мониторинг выявил 3 827 свалок, из которых 91% (3 464) уже ликвидирован. По сравнению с 2018 годом количество незаконных полигонов сократилось на 45%.