ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған тапсырмаларын орындау шеңберінде Ескелді ауданының соты мен аудандық әкімдіктің ұйымдастыруы бойынша дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел үстіндегі шараға судья, ардаргерлер, прокурор, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіпкерлер мен медиаторлар қатысты.
Аудандық сот төрағасы Бегали Темірбеков қазақ халқының бай тарихи мұрасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті:
– Қазақ билері соты – бірегей институт. Дәл осы қоғамдық сананы ұлттық құндылық ретінде жаңғырту салдарынан біз би сотының элементтерін қоғамның қақтығысын азайтуда пайдалана аламыз, – деді сот төрағасы.
Өз баяндамаларында судьяның қызметі туралы айтып, аңызға айналған ХVII-XVIII ғасырларда Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің әділ шешім жасаудағы рөлін талқылады.
Сол кезде талқылауының ең көп үлесі билер сотында қаралып, ал басқару жүйесінде сот билігінің жетекші нысаны болды. Билер сотының бірегейлігі оның табиғатының негізін этномәдени социумның тұрақтылығы мен бірлігінің идеалына адалдықты сақтай отырып, дауларды әділ және бейтарап шешуді ұйғаратын құндылық нормалары құрайды.
Даулар мен жанжалдарды шешудегі келісу рәсімдері қоғамдық қатынастар әлеуметтік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілген дәстүрлі тәртіпке негізделген әдеттегі құқық үшін заңды құбылыс болып табылады. Белгілі бір тарихи дәуірлерде қақтығысты уақытша немесе түпкілікті өтеуге қабілетті шаралар мен шешімдердің тұтас кешенін көздейтін жанжалдарды реттеудің әртүрлі нысандары болды.
Медиацияны дамыту мәселелерімен қазір соттар, басқару партиясы, Медиаторлар Одағы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Достық үйі, құқық қорғау қызметі орталықтары айналысады.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта еліміздің көптеген облыс орталықтарында билер кеңестері құрылып, жұмыс істеуде. Билер кеңесі Мемлекет басшысының дауларды соттан тыс реттеу тәсілдерін дамыту, қоғамда тұрақтылықты сақтау, ата-бабалардың дауларды бейбіт жолмен шешу жөніндегі татуласу рәсімдерінің бір түрі ретінде дағдыларын жаңғырту арқылы қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында құрылатын әкімдік жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Ескелді аудандық сотының төрағасы Б.Темірбеков билер кеңесінің негізгі міндеті медиация институтының бірігуін, билер институтын қайта жандандыруды және азаматтық, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік қағидаттарында қазақстандық бірегейлікті дамытуды атап өтті.
Оның пікірінше, кеңестің қызметі қалыптасқан жағдайды талдау, әлеуметтік және басқа да жанжалдарды шешу, татуласу жолымен тұрғындар арасындағы дауларды реттеуде практикалық көмек көрсету, тұрақтылықты, қоғамдық келісімді және жалпы ұлттық бірлікті нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Азаматтық қатысуды, қоғамдық бастамаларды, әлеуметтік маңызы бар жобалар мен бағдарламаларды қолдау және дамыту, «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасын насахаттау және іске асыру қажеттілігі атап өтілді.
А. ТОҚТАРОВА,
Ескелді аудандық сотының жетекші маманы.