БАСТЫ НАЗАР САПАҒА АУДАРЫЛДЫ

Өткен жұмада аудан әкімі Рауан Рақымбеков жұмыс барысымен күрделі жөндеу өтіп жатқан аудандық ауруханада болып, жұмыс барысымен танысып қайтты.
Қазіргі уақытта аудан аумағындағы көптеген ғимараттарға көңіл бөлініп, күрделі жөндеу жүргізіліп жатқаны белгілі. Ал аурухана ғимараттарының жөндеу жұмыстары қызу түрде жүргізіліп жатыр. Іші заманауи талаптарға сай болады деп жоспарлануда.
Объектіні аралау барысында аудан басшысы құрылысшыларға жұмыстардың сапасына үлкен мән беруді тапсырды.