ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ ӨТТІ

ЕСКЕЛДІ аудандық партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған аудандық мәслихат депутаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшелері, мекеме басшылары, аудандық партия филиалының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
1.Қазақстан Республикасындағы 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі салалық бағдарламасын жүзеге асырудағы Қарабұлақ, Бақтыбай БПҰ-ның атқарған жұмыстары туралы есебі.
2. Қаржы саласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарылған жұмыстары туралы аудандық қаржы бөлімі басшысының есебін тыңдау.
Бірінші мәселе бойынша ауыл әкімі Б.Дүйсебаев сөз алып, Қарабұлақ бастауыш партия ұйымының жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі салалық бағдарламасын басшылыққа ала отырып, ауыл жастары мен мектеп оқушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арнайы жұмыс жоспары жасалынғаны туралы айтып өтті.
Келесі кезекте Бақтыбай бастауыш партия ұйымының атқарған жұмысына ауыл әкімі А.Исабеков қысқаша тоқталып өтті: «Бақтыбай ауылдық округі бойынша жемқорлыққа қарсы күреске іс-шаралар жоспарланған және округте ең басты назарға қойылған жастар мен оқушыларды дұрыс жолға қою бағыты бойынша ақсақалдармен жиын өткізіп тұрамыз», — деді өз сөзінде.
Отырыстың күн тәртібіне енгізілген мәселелер толығымен қаралып, тиісті шешім қабыл-данды.
Ақбота ЖАСҰЛАНҚЫЗЫ.