ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ЖҮЙРІК АТАНДЫ

Биылғы спорт ойындары жоспарға сай сапалы деңгейде ұйымдастырылуда. Дәстүрлі түрде ауданымызда өтетін спорттың шаңғы жарысынан аудан тұрғындары аудандық іріктеу чемпионатына қатысқан болатын.
Шаңғышылар қатарында бірнеше жылдан бері арнайы жаттығып, шаршауды білмейтін жүйріктері де болғанын айтпай кетуге болмайды. Олар 1,5 шақырым жерді қос таяғын жылдам сермеп, жарысқа түсті.
Сайыс нәтижесі бойынша ерлер арасында Сергей Ганзальс (Қаратал ауылдық округі) І орын, Александр Сысоев (Қаратал ауылдық округі) ІІ орын, Болат Балтабаев (Қаратал ауылдық округі) ІІІ орынға ие болды. Қыздар арасынан А.Гіміңбек (Қайнарлы ауылдық округі) ІІ орын, А.Құлжабай (Жалғызағаш ауылдық округі) ІІІ орынды иеленсе, ішінен жүйріктей ағып, қатарластарынан озып келген Анастасия Триппель (Қарабұлақ ауылдық округі) қыздар арасында ең үздік атанып, І орынды иеленді.
Шаңғы бәйгесінен жеңіске жеткен жеңімпаздарға денешынық-тыру және спорт бөлімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары салтанатты түрде табысталды.
Ақбота ЖАСҰЛАНҚЫЗЫ.