БОКСТАН ҮЗДІК НӘТИЖЕ КӨРСЕТТІ

2020 жылғы 25 қаңтар – 04 ақпан күндері аралығында Екібастұз қаласында бокстан 2002-2003, 2004-2005 жылы туған жастар және жасөспірім қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған ауданымыздың балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшы қыздары барып, Аружан Жүніспек жүлделі 3 орынды иеленді. Жаттықтырушысы – С.Бейіспеков. Жеңісті сәттердің соңында бапкерлер мен спортшылардың аянбай тер төккен еңбегінің жемісі тұрғаны анық.
Ж. ЖОЛДЫХАНОВ,
Ескелді ауданының денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.