РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Елбасы әр жыл сайынғы Жолдауында салауатты өмір салтын сақтап, жастарды спорттық шараларға тарту, елімізде спорттық жарыстарды ұйымдастыру қажеттігін жиі айтқан болатын.
Мемлекет басшысының сындарлы саясатын ұстанған біздің ұжым да талай талантты жастарды спортқа баулып, республикалық, халықаралық жарыстарға қатыстырып, жастарымыз жүлделі орындарды иеленіп жүр.
Соның бірі 2020 жылдың қаңтар айының 21-25 күндері 2005-2006 жж.туылған жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында дзюдо күресінен Талдықорған қаласының «Жастар» спорт сарайында өткен «Қысқы каникул» дәстүрлі ашық республикалық турнирінде ауданымыздың балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Ақерке Сағымбек қатысып, жүлделі 3 орын иеленді.
Осындай марапатқа ие болуы – жаттықтырушысы Б.Саяқбаевтың жемісті еңбегі.
Ж. ЖОЛДЫХАНОВ,
Ескелді ауданының денешынықтыру
және спорт бөлімінің басшысы.