Депутат іссапармен келді

Шілде айының 11-ші жұлдызында Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Байділдә Жылқышиев жұмыс сапарымен келді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатының іссапарын «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Бағлан Танекенов, аудан әкімінің орынбасары Ермек Әпеков, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Даулет Идрисовпен бірге аудандағы «Хильниченко и К» коммандиттік сенім серіктестігі қант қызылшасы алқабының жұмысымен танысудан бастады. «Хильниченко и К» төрағасы Виктор Хильниченко қант қызылшасын баптап өсірудің қыр-сырымен бөлісе отырып, ерекше күтімді қажет ететін тәтті түбір өсіруге аса мән беру керектігін атап өтті. Қазіргі кезде Елбасының қолдауының арқасында еліміздегі барлық шаруа қожалықтарына жақсы жағдай жасалуда. Шаруалар мемлекет тарапынан субсидия, тұқым, тыңайтқыштар мен жанар-жағармай түріндегі қомақты көмек пен қолдау тауып жатқандығын атап өтті.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Байділдә Жылқышиев алқаптың жұмысымен танысқан соң, «Хильниченко и К» коммандиттік сенім серіктестігінің сауынды сиыр асырайтын №2 фермасына барып, жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар, шаруа қожалығының жұмысшыларымен біраз әңгімелесті. Әңгіме барысында ферма меңгерушісі Раушан Темірбекова сұрақ қойып, өз сөзінде мал шаруашылығымен айналысатын адамдардың зейнетке шығу жасын азайту керектігі туралы ұсынысын білдірді. Парламент Мәжілісінің депутаты Байділдә Жылқышыұлы алдағы уақытта аталған сұрақты жеткізіп, назарға алынатындығын айтты.
Осылайша, аудандағы ірі шаруа қожалығының жұмысын көрген басшылар оң бағасын беріп тарқасты.
Назгүл ЖҰМАХАНҚЫЗЫ,
“Нұр Отан” партиясы Ескелді аудандық филиалының консультанты.