Ел мерейі — елорда

Астана – мемлекетіміздің бас қаласы. Баршамыздың сүйікті қаламыздың туған күнінде қандай ақ тілекті жаудырсақ та жарасады. Жылдан жылға көркейіп, гүлденіп жатқан Астана – егемен ел болғанымыздың айғағы, өркендеуіміздің көрінісі.
Тәуелсіз Қазақстан-ның қол жеткізген табыстары, түсінікте тату-тәтті өмір сүріп жатқан тұрғындардың достық қарым-қатынасы, ынтымақ-бірлігі, отансүйгіштігі, ел жандылық сезімдері ой арқауына айналған кезеңде лайықты астанамыз бар. Біз үшін ол үлкен мақтаныш. Тарихымен табиғаты, сәулетімен бүкіл тіршілігі дара, ғажап үлгілі күйіміздің күмбірі, көңіліміздің жыр-гүлі жас қала Астана күн сайын еңсесі биіктеген қалаға айналуы өзімізді сүйсіндіріп, әлем жұртын көркімен тамсандырып келеді. Ол көз алдымызда жыл санап емес, ай санап емес, күн санап аңызға бергісіз шындықпен өсіп келе жатқан нұрлы қала. Ел мерейін өсірер бір ғана Астананың өзі Елбасымыздың ұстанған сындарлы саясатының арқасында Астана асқақтап, еліміз қарыштап қанатын кеңге жаюда.
Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты Астана қаласының 20 жылдығына орай салтанатты митинг ұйымдастырды. Шара барысында Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Е. Алпысбаев ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, белсенді азаматтарға алғыс хат табыстады. Кішкентай бүлдіршіндерге тегін тәтті балмұздақ таратылып, ал үлкендердің назарына көңілді концерттік бағдарлама және флешмоб ұсынылды.
Зейнегүл БЕЙБІТҚЫЗЫ.