Астана — елімнің ордасы

image description

Астана – қазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғы-лым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігі-міздің ордасы. Жаңа Ас-танамыздың құрылысы — жас мемлекетіміздің жа-сампаздықка ұмтылы-сының, бүкіл қоғамымыз-дың жаңаруының ерекше символына айналған кұ-былыс. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жыл да Астана салған мемлекет тарихта болған емес.
Астана қаласының 20 жылдығын ескелділіктер жоғары деңгейде атап өтті. Мереке қарсаңында аудандық Мәдениет үй-інде бас қаланың туған күніне орай ауқымды сал-танатты мерекелік шара өткізілді.
Кешті жүргізушілер-ден соң алғы сөзді алған аудан әкімінің орынба-сары Қ.Әлібаев аудан тұрғындарын жарқын ме-рекемен құттықтады. Осы уақытқа дейін ауданның дамуына үлес қосып келе жатқан біршама азамат-тарды «Астанаға 20 жыл» медалімен марапаттады. Олардың қатарында «Де-меу» мүгедектер қоғам-дық бірлестігінің төраға-сы А.Ұзақбаев, Қоңыр ауылдық Мәдениет үйіің директоры Қ.Күдер-баев, Ескелді аудандық қоғамдық кеңесінің тө-рағасы Қ.Тастанбаев, Ескелді аудандық мәсли-хатының хатшысы Қ.Ал-пысбаев және Ескелді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Бо-ранбаев бар.
Аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары жырға толы Астана мен Елбасы мерейіне қатысты әндер-ден шашу шашты.
З. ЖҰМАБЕКОВА.