Мониторингтік топ құрамында Ведомствоаралық комиссия өкілдері, Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, сондай-ақ «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасымен бірлесіп, ҚР мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің маманының қатысуымен өтті. Олар әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділігін тексеріп, тиісті талаптарға сай келу деңгейін бағалады.
«Аталған жоба – қоғамның барлық мүшесі үшін тең мүмкіндік жасауды мақсат етеді. Сондықтан мұндай мониторингтер тұрақты түрде өткізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады,» – деді «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы.
Жоба аясында атқарылып жатқан бұл жұмыстар – инклюзивті қоғам құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табады деп күтілуде.