Бәсекелестікті дамыту бойынша ұсынымдар әзірленді

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі — Департамент), Жетісу облысының географиялық шекараларында құс етін (тауық етін) көтерме саудада өткізу нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне жоспардан тыс талдау нәтижелері бойынша, Тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай – күйіне талдау және бағалау жүргізу жөніндегі Әдістеменің 79 тармағына сәйкес бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұсынымдарды тиісті салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган — «Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына» жұмыста есепке алу және пайдалану үшін жіберді.

Бәсекелестіктің дамуына кедергі болатын жүйелік мәселелерді болдырмау мақсатында, Департамент карточкалық жүйе енгізу арқылы «Жетісу» ӘКК «Өңірлік даму институты» АҚ-мен сатылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (бұдан әрі — ӘМАТ) тек халықтың әлеуметтік осал топтарына қолжетімді болуын қамтамасыз етуді және ӘМАТ бағасын тұрақтандыру үшін іске асырылатын тетіктерді қайта форматтауды ұсынды.

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту

агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті