Бүгін «AMANAT» партиясының Ескелді аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаты Александр Викторович Хильниченко тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдау барысында аудан тұрғындары түрлі әлеуметтік мәселелерін көтеріп, көмек сұрады.
Қарабұлақ ауылының тұрғыны, жалғыз басты ана Пак Светлана қабылдауға келіп, жұмыссыз екенін және ауыр медициналық жағдайына байланысты ем алуға мұқтаж екенін жеткізді. Оның айтуынша, бас сүйегіне трепанация операциясы жасалғанымен, медициналық сақтандыруы болмағандықтан қажетті ем-шараларды ала алмай жүрген. Бұдан бөлек, Светлана «Қазақтелеком» мекемесіне берешегі мен төленбей қалған несиесін заң аясында реттеу мәселесінде де қолдау сұрады.
Азаматтың жағдайына бейжай қарамаған депутат Александр Викторович Хильниченко Пак Светлананың бір жарым жылдық медициналық сақтандыру жарнасын өз қаражатынан төлеп берді. Сонымен бірге, «Қазақтелеком» алдындағы қарызын да толық өтеп, нақты көмек көрсетті.
Мұндай қолдау азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік беріп, халықтың билікке және қоғамға деген сенімін арттыра түседі.