Мониторинг барысында пошта бөлімшесі, асханалар, дүкендер, шаштараздар сынды күнделікті қызмет көрсететін орындар тексерілді. Нысандардың физикалық қолжетімділігі, пандустар мен арнайы белгілердің болуы, қызмет көрсету сапасы сынды талаптар назарға алынды.
Шараға «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасымен ведомствоаралық комиссия өкілдері мен Ескелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары қатысты. Олар нысан иелеріне тиісті ұсыныстар беріп, алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Бұл бастама ерекше қажеттіліктері бар жандардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.