ӨМІРГЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК

Сүйіспеншілік – тіршіліктің сәні мен мәнін келтіретін нұры, әрі ең басты қуат көзі. Адам баласы дүниеге келіп, ес жиып, есейіп, оң мен солын айыра бастаған соң, өз өміріне сүйіспеншілікпен қарауы тиіс.
Жалпы адамзаттың мәңгілік құндылықтары біртұтас, өзара тығыз байланыста болады, бір-бірімен ынтымақтаса отырып, адамның рухани байлығы мен мәдениетінің негізін құрайды. Жалпы, адамзаттық құндылық дегеніміз – белгілі адам үшін емес, бүкіл адамзат қауымы үшін маңызды құндылықтар. Олар адамға тумасынан бе-рілген сый.
Осы ретте Қарабұлақ ауы-лының Шестаков атындағы орта мектебінің белсенді 9 сынып оқушыларымен «Өмірге деген сүйіспеншілік» тақырыбында өмірге деген белсенділікті арттыру үшін фильмдер көрсету іс-шарасы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты жастарға сүйіспеншілікті танытып, оны құрмет тұтуға баулу арқылы «Сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу. Жастарға риясыз сүйіспеншілік туралы түсінік бере отырып, өмірді жақсы көруге, мейрімділікке, ізгілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.
Шара барысында жастармен психологиялық жаттығулар, сұрақ-жауап тәсілі бойынша жұмыстар жүргізілді. Өмірге мотивация беру, құштарлықтарын ояту үшін жастар назарына қысқаметражды бейнероликтер ұсынылды.
Сүйіспеншілік түсінік туралы Ұлы данышпан Абай атамыз «Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» дегендей, адамның өзгелерге деген қатынасының бастауы. Оларды жақсы көруден, сыйлаудан және оларға деген сүйіспеншіліктен басталады. Сүйіспеншілік ол өзгелерге көрсетілетін ыстық бауырмалдық сезім.
Әрбір адам бойындағы сүйіспеншілігін көрсетуі, өзіне қымбат жандарға деген сезімін сөзімен де, ісімен де білдіруін айтамыз.
Арайлым КӨШЕМІСОВА,
Ескелді ауданының жастар ресурстық орталығының психолог маманы.