ДІН — ТӘРБИЕНІҢ РУХАНИ ТІРЕГІ

Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, рақымдылық, әділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген. Солардың ішінде, ең соңғы кемеліне келген әрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін – Ислам діні.
Дін – адамзат тарихы мен мәдениеттің ажырамас бөлігі. Дінін білген адамға тегі, тегін білген адамға діні ешқашан жат саналмайды. Ислам діні – Алла тағаланың Мұхаммед пайғамбар «салла-л-лаһу Ғалейһи уа салам» арқылы жіберген ақиқат жолы.
Діни ұғым бойынша Алла бір, ол біреу және бәрі соның қолында. Діннің басты негізі және мұсылмандықтың кілті – «Лә иләһа илла Аллаһ, Мұхаммад расул Аллаһ», яғни мағынасы «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген сөйлемде жинақталған.
Ислам діні – ол тазалық, тәртіп, адамгершілік бастауы, имандылықтың белгісі. Адам баласын асып-таспауға, ғылым мен білімге және ынтымақта болуға шақырады.
Елбасымыз Н.Назарбаев «Біз тегіміз – түрік, дініміз – ислам екенін ұмытпауымыз керек, ол үшін қасиетті кітап Құран кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек», – деген болатын. «Отанды сүю – иманнан» дейді. Ұлтына патриоттық имандылық тәрбие алғандар адасудан бойын аулақ салатыны сөзсіз деген болатын.
Осыған орай, Ақын Сара ауылдық округінің белсенді жастарымен «Дін – тәрбиенің рухани тірегі» атты тақырыпта кездесу өткізілді. Ауылымыздың белсенді жастарымен Ақын Сара ауылдық мешітінің имамы Қуат Тұрысбаев ағамыз тәлім-тәрбие мен өнеге болатын, әрбір адамның рухани байуына, ой өрісінің кеңейуіне, адами құндылықтың тарауына атсалысып, жастарға жан азығы болатындай өнегелі әңгіме дәріптеді. Ауылымыздың имамы Қуат ағамыз жастарды Ислам діні – ол тазалық, тәртіп, адамгершілік бастауы мен белгісі екенін айтып, адам баласына асып-таспауға, ғылым мен білімге және ынтымақты болуға шақырды.
Еркебұлан ҚҰМАРБЕКОВ,
Ақын Сара ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушы.