«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫ

Үкімет қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген. Бағдарламаның басым бағыттарының бірі халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, әрбір салада цифрлық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Бүгінгі таңға мемлекеттік органдар тарапынан халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көптеген түрлері автоматтандырылып, электронды түрде көрсету мүмкіндігіне ие. Осы бағыттағы іс-шараларды іске асыру мақсатында аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарында және ведомстволық бағынысты ұйымдарында (мектептер) «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштары ашылып, тұрғындарға қажетті қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндіктері қарастырылған.
Порталда әлеуметтік, экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірі қызметінің өзге де салалары бойынша көптеген ақпараттық қызмет көрсетіледі. Портал ақпараттық ресурс қана емес, оның пайдаланушыларына мемлекеттік органдардың әртүрлі электрондық қызметтері ұсынылады. Қызметтер мен ақпараттарды электронды үкімет порталынан алу үшін әрбір азаматтың өз электронды цифрлық қолтаңбасы (кілт) болуы тиіс.
Электронды цифрлық қолтаңбаны рәсімдеу мен электронды қызметтер алудың ыңғайлы қадамдық іс-әрекеттерінің Ескелді ауданы әкімдігінің «http://eskeldy.zhetisu.gov.kz/» ресми интернет-ресурсының (веб-сайт) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орнатылған. Электронды Үкімет порталына Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тіркелген сәттен бастап сіздің жеке кабинетіңіз ашылады. Сұрау салған ақпараттарыңыз жеке кабинетіңізге түсіп отырады.
С. ТЕМІРБЕКОВА,
мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы.