ДОМБЫРА СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

Шілде айының алғашқы жексенбісінде, яғни Ұлттық домбыра күнінде аудандық ауруханада дүниеге келген сәби мен оның анасына құрмет көрсетілді. Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Боранбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Бектұров пен бас маман А.Оразалинов, аудандық жастар саясатының жетекшісі С.Жолдыбаев және дін істері орталығының инспекторы А.Исаев дүние есігін жаңадан ашқан нәрестеге қазақтың киелі домбырасын және басқа да бағалы сыйлықтарды табыс етті.