ХАЛЫҚТЫҢ СҰРАУЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Кезекті есеп беру Көкжазық ауылдық округінің тұрғындарымен өткізілді. Аудан басшысымен қоса ауылдық округ әкімі Сағади ТАЛДЫБАЕВТЫҢ бір жылдық жетістіктері жайлы есептері тыңдалған жиындарға әкімдіктің бөлім басшылары мен мамандары қатысты.
Көкжазық ауылындағы Мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі қаралып, Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу үшін сараптамадан өтті, жобалық-сметалық құжаттар дайындалды.
Балпық би атындағы орта мектебінің кіші спорт залының еденін ауыстыру үшін ақаулық актісі дайындалып, аудандық білім бөлімі арқылы сметалық құжаттары дайындалуда.
Көкжазық – Теректі ауылдарының бағытындағы асфальт жолдың су шайып жатқан жеріне құм-тас төгіп, тиісті жол белгілерін орнатуға байланысты Ескелді ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сұраныс хат жолданды.
Көкжазық ауылының Қашаубаев көшесінің басында орналасқан көпірді ағымды жөндеуден өткізу бойынша Ескелді ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сұраныс хат жолданды.
Көкжазық ауылына қарасты мұсылмандардың зираттарын қоршау үшін демеушілермен жұмыстар жүргізіліп, сметалық құжаттар дайындалуда.
Көкжазық ауылының дәрігерлік амбулаториясында дәріхана ашу үшін жеке кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді. Бүгінгі таңда ниет білдірген жеке кәсіпкерлер жоқ екен.
Ауылдың экономикасын құрайтын негізгі сала ауыл шаруашылығын жалпы алғанда, 71 жеке шаруа қожалығы дәнді-майлы дақылдарды, қант қызылшасын, картоп, көкөніс, бақша, көп жылдық шөп өсіріп-өндірумен шұғылдануда.
2019 жылы шаруа қожалықтарының жер алаңдарының электрондық картаға енгізу жұмыстары жүргізіліп, 71 шаруа қожалықтарының жерлерінің 91% электрондық картаға енгізілді.
Мал шаруашылығы бойынша округте 2613 бас ірі қара, 9527 бас қой мен ешкі, 1009 бас жылқы, 200 бас шошқа, құс 4500 басты құрап отыр.
Әлеуметтік сала бойынша 2019 жылы жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек бойынша 72 өтініш қабылданып, 63 отбасына жәрдемақы төленді.
Өткен 2019 жылы 12 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтамасыз етіліп, жаңадан 26 жұмыс орны ашылды.
Ауыл шаруашылығымен қатар шағын кәсіпкерлік бойынша 9 дүкен өз қызметтерін көрсетіп, жұмыстарын жүргізуде.
Білім беру саласы бойынша округтегі 1 орта мектепте барлығы 48 білім қызметкерлері 344 оқушыға дәріс беруде. Округте «Күншуақ» балабақшасында 70 бала тәрбиеленуде.
«Бесбойдақ» суғару каналы тазаланып, Көкжазық ауылдық округі толық арық суымен қамтамасыз етілді. «Бесбойдақ» каналы ҚазВодХоз мекемесінің балансына өткізіліп берілді. Көкжазық ауылдық округі бойынша адам өміріне қауіп төндіріп тұрған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді. Көкжазық ауылдық округінде суармалы арық жүйелеріне тазалау жұмыстары жасалды. Қоқыс төгетін орынды тазарту жұмыстары жүргізілді.
Аудан мен ауыл әкімдерінің есебінен соң тұрғындар өздерін көптен толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Зәкия Байдильдинова есімді зейнеткер «Қазпошта» акционерлік қоғамы зейнеткерлерге 3 ай қатарынан лотореялық билеттерді зейнетақыларының мардымсыздығына қарамастан қалауынсыз алдыртаны жайлы және ол билеттерді алғылары келмейтіндігі туралы айтып шағымданды. Ауыл әкімінің есебіне, атқарып жатқан жұмыстарына көңілі тоқ екенін жеткізе отырып, жаңадан ашылған амбулатория мен оның қызметкерлеріне зор лебізін білдірді. Жалпы жиын соңында тұрғындар ауыл әкімінің есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.