ХАЛЫҚТЫҢ СҰРАУЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

Аптаның соңғы қорытынды есебі Қайнарлы ауылдық округіндегі ауыл әкімі Иманәлі ҚОҚАНОВТЫҢ есебі тыңдалды.
Ауылдық округте экономика жағынан белсенді тұрғындар саны 733 адам, соның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар 408 адам.
Аппарат өз құзіреті шегінде жеке мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмыс жүргізеді, сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдайды, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Ағымдағы жылдың ішінде әкім аппаратында 8 өтініш тіркеліп, 26 адам әкімнің жеке қабылдауында қабылданды. Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс жүргізілуде, ақпараттық стенд бар.
Аппарат жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға жәр-демдеседі, халықтың қорғаусыз топтарын әлеуметтік қорғау бойынша, сондай-ақ жалпыға бірдей әскери міндеттілік мәселе бойынша жүмыс жүргізеді.
2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекті 42 отбасы алды, 18 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, 25 адам жаңадан ашылған жұмыс орындарына орналасты. Округ аумағында әскери есепте 25 әскери міндеттілер тұрады. 3 азамат әскер қатарында қызмет етуде.
Округ аумағында білім беру жүйесі бойынша Қаблиса жырау атындағы орта мектебі, Ақтасты бастауыш мектебі және Қоржынбай бастауыш мектебі бар. Қайнарлы ауылында 25 балаға арналған мектепке дейін шағын орталығы жұмыс істейді.
Ауылдық округте 3 меди-циналық пункт, 1 ветеринарлық пункт, «Қазпошта» бөлімшесі, 1 кітапхана жұмыс істейді. Қайнарлы ауылының Мәдениет үйінде балаларға арналған еркін күрес үйірмесі жұмыс істейді.
Жыл бойы округте халықтың әлеуметтік қауқарсыз тобына қайырымдылық көмек көрсетіледі. «Мектепке жол» акциясы шеңберінде «Черкашина» ШҚ басшысы Черкашина Зинаида Евгеньевна аз қамтылған отбасының балаларына жылы киім және аяқ киім түрінде көмек көрсетті.
Сондай-ақ әрбір мейрамға өздерінен азық-түлік себеттерін ұйымдастырады. «1 қазан — Қарттар күні» мерекесіне орай Қаблиса жырау атындағы орта мектебінің ұжымы мен медицина қызметкерлері, округтің кітапханашылары және әкімдік қызметкерлерінің бірлесуімен округтің ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарына арнап дастарқан жайылып, Мәдениет үйінің қызметкерлері мерекелік концерт ұйымдастырды. «Иманғалиев» ШҚ басшысы Иманғалиев Төлеген, «Саиндильдин» ШҚ басшысы Саиндильдин Қуаныш, «Тоғайбаев» ШҚ басшысы Тоғайбаев Жолдас тағы басқа шаруа қожалықтары 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні, 22 Наурыз мерекесі, Балаларды қорғау күні және тағы басқа жыл бойы өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысып, аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көрсетіп отырады.
Сонымен қатар, 2019 жылы Ақтасты ауылында түнгі жарық шамдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қоржынбай ауылында жаңадан су құбыры өткізілгеннен кейін, жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Мәдениет үйінің ішкі және сыртқы ауласына 16 бейнекамера орнатылды. Бірыңғай жиынтық төлем бойынша округ тұрғындарымен өзектендіру жұ-мыстары жүргізілді. Көшелерді күн сайын тазалау, көшелерді жарықтандыратын құралдар желісін жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетілді. Қысқы уақытта жолдарды уақы-тында тазалау және инертті материалдармен себу жүргізіледі. Рұқсат етілмеген қоқыс үйін-ділері жойылды.
Аудан әкімі өз сөзінде ауылға инвесторлар тартып, жаңа жұмыс орындарын құру және іскерлік белсенділіктерді ынталандыру қажеттігін атап өтті. Шалғайдағы ауылдық елді мекен болғаннан кейін ауылдың ахуалын жақсарту мақсатында спорт алаңын қолға алу, көшелерді жарықтандыруға жобалау сметалар қарастырып, қатты көңіл бөлуді тапсырды. Жарыссөзге ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жолдас Жанпейісов шығып, ауылдастар мен өзінің атынан атқарылып жатқан жұмыстар мен ауыл әкімінің есебіне оң бағасын берді. Тек қана мал шаруашылығымен айналысып келе жатқан ау-ылдың жағдайының едәуір дұрысталғанын айтып, болашақта бұдан да жақсаратынына сенімін білдірді. Ауылда тұратын тұрғындардың 60 пайызы зейнеткерлер. Жылда айтылатын мәселелердің бірі Телжанов көшесіне жарықтандыру жұмыстары жүргізілмеген және ауылдық округте медициналық пункттің жоқ екенін тағы бір мәрте әкімдердің есіне салып, соны ескерулерін сұрады. Өсіп-өніп жатқан жастарға тәрбие беріп, адам болуына көңіл аудару керек. Осы тұста ең керегі балабақша дейді. Одан бөлек ауылда аңғазардай жылы, 4-5 маман жұмыс істейтін клуб бар екен. Ауылдың да сұрауы бар деген, сол клубтың басшысы мен қызметкерлері жалақыларын алып отырса да тойланатын неше түрлі мейрамдар өткізілмейтін көрінеді.
Ақтасты бастауыш мекте-бінің меңгерушісі Гүлназира Кенжеғалиқызы ауылдың жағдайына көңілі толатындығын айтып жеткізді. Сонымен қатар, көптен бері айтылып, бірақ шешімі табылмай жүрген мәселенің бірі ұялы байланыстың нашарлығы. Соған орай арнайы антенна орнатып беруді сұрады.
Есептен соң аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, сұрақтарына жауап берді.
Тұрғындар ауыл әкімінің 2019 жылы атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық деген баға берді.