Бүгін Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Байұзақова Жанар Қанатқызы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауда болған азаматтар жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша жүгінді.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған аудан әкімінің орынбасары әр мәселеге жеке тоқтап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді. Сонымен бірге, бірқатар мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.