Жобаның негізгі мақсаты – елдегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және тұрақты қамқорлық көрсету. Ерекше жандар өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезініп, оларға қолайлы орта қалыптастыру болып табылады.
Бүгін Ескелді ауданындағы мүгедектердің өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша дөңгелек үстел өтті.
Жиынға «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы Серік Мирас Серікұлы, Ескелді аудандық мансап орталығының өкілдері қатысты.
Онда алдағы уақытта «Кедергісіз келешек» жобасы аясында атқарылуы тиіс жұмыстарды талқылады. Сондай-ақ партия филиалы жанынан құрылған арнайы комиссия тексеру жұмыстарын ұдайы жүргізіп, аудандағы мүгедектер үшін кедергісіз орта қалыптасуы тиіс екендігін айтты.
«Қыркүйек, қазан айларында осы мәселені кеңінен талқыладық. Сол жиыннан нақты қандай қорытынды шығарылды? Зерделеу жұмыстарының нәтижесі қаншалықты? Алдағы уақытта қандай жұмыстарды атқарамыз? Біз нақты істелінген жұмыстарды қортындылап, тиісті құзіретті мекемелерге ұсынуымыз керек»,- деді Серік Мирас Серікұлы.