БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Бүгінгі таңда жастар саясатын тиімді әрі қарқынды іске асыруда көптеген жұмыстар атқарылуда. Еліміздің бүгінгі жастары жаңа жағдайда, заманауи мемлекеттің жасап жатқан сындарлы саясатының арқасында алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда.
Осы орайда, аудан әкімі Рауан Рақымбеков апта басында өңіріміздің дамуына өзінің айрықша үлесін қосып, жастар саясатының жүзеге асырылуы барысын жан-жақты насихаттап жүрген үздік жастарды қабылдап, алғыс хатпен және сыйлықтармен марапаттады.
Кездесу барысында жастар бір-бірімен пікір алмасып, әртүрлі ұсыныстар айтты. Жастар жылында атқарылған жүйелі жұмыстар қорытындыланып, 2020 жыл Еріктілер жылына ауқымды бағыттар мен жоспарлар құрылып, жастарға бағыт-бағдар берілді.
Еріктілер жылында аянбай еңбек етулеріңізге сәттілік серік болсын!
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.