ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Жаңа жыл қарсаңында Ескелді ауданына қарасты Қарабұлақ ауылдық округінен 2, Жетісу ауылдық округінен 1 көпбалалы отбасы қуанышқа кенелді. Аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларын қуаныштарымен құттықтап, пәтер кілттерін табыстады.
Мереке қарсаңында жаңа қонысқа қол жеткізген батыр аналардың қуанышында шек болмады.
Жыл басынан бері «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы ауданымызда 25 отбасы қоныс тойын тойлады. Бұл игілікті жобалар елдегі оңтайлы саясаттың арқасында жүзеге асып жатқандығын айта кету керек. Болашақта осындай бағдарлама арқылы әлі талай отбасы баспаналы болады.
Ақбота ЖАСҰЛАНҚЫЗЫ.