ҚР МӘСЛИХАТЫНА — 25 ЖЫЛ: ЕЛ ИГІЛІГІНІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ

Халық пен биліктің арасында алтын көпір қызметін атқарған барлық деңгейдегі мәслихаттардың құрылғанына биыл 25 жыл толып отыр. Айтулы күнге орай 25 желтоқсанда аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында алдымен мәслихаттың кезекті сессиясы, артынан салтанатты жиын өтті.
Жиынға аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтің әкімдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, құқық қорғау органдары-ның басшылары, мекеме, кәсіпорын, ұжым басшылары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері және бөлім басшылары мен мамандары қатысты.
Алдымен Ескелді ауданының алтыншы шақырылған мәслихатының кезекті LX сессиясы өтті. Жиынды ашқан аудандық мәслихаттың хатшысы Қуат Алпысбаев әріптестерін құттықтай отыра, Ескелді ауданының 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджетін бекітуді ұсынды. Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша алғашқы сөзді экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы С.Төлепбергенов баяндама жасады. Келесі сессияның төрағасы С.Жолдыбаев деп бірауыздан қабылданды.
Салтанатты жиында Қ.Ал-пысбаев және Р.Рақымбеков құттықтау сөз сөйлеп, аудандық мәслихат депутаттарын мерекелік медальмен және естелік кітаптармен, ал мәслихат ап-паратының қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады. Күні кеше облыс орталығында ҚР мәслихаттарының 25 жылдығына арналған салтанатты жиында облыс әкімі А.Баталовтың қолынан аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысы мерекелік медальмен марапатталған еді.
Жиын барысында көп жылдар бойы мәслихат депутаты, мәслихаттың хатшысы қызметін атқарған Қалабек Тастанбаев пен бірнеше жылдар бойы аудандық мәслихатта депутат болып жүрген Серік Сарыев сөз алып, жиналғандарды мерекемен құттықтап, ақжарма тілектерін білдірді. Жиын соңы мерекелік концертпен жалғасты.
Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА.