Театр әртістері кішкентай көрермендерді қуантты

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының әртістері кезекті жаңа премьерамен бұл жолы кішкентай бүлдіршіндерді қуантты. Мұсатай Ақынжановтың «Алтын сақа» ертегісі 3D Fantasy нұсқада алғаш рет сахнаға жол тартты.
Ең алғаш театрда «Алтын сақа» ертегісін 1979 жылы режиссер Мұхтар Қамбаров сахналаған еді. Тура 45 жылдан кейін аталмыш ертегі фэнтези жанрында қайта жаңғырды.
Театр ұжымының ұсынған фантастикалық ертегісі кішкентай көрермендерді бірден баурап, сахнада сиқырлы әлемге түсірді. Ал әртістердің түрлі-түсті костюмдері атмосфераны одан әрі толықтырды. Балалар кейіпкерлерді бар ынта-жігермен зерттеп, ертегінің таңғажайып әлеміне сапар шекті.
Бұл ертегі шытырман оқиғасымен балалардың есінде ұмытылмас сәтте қалды. Олардың жүректерін қуаныш пен шабытқа толтырды, сонымен қатар жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, батырлық пен батылдыққа үйретті.
Фантастикалық жанрдағы мұндай бастама одан әрі жалғасын тауып, театрдың жаңа репертуарларының санын көбейте бермек.