ТАҒАЙЫНДАУ

ағымдағы жылдың 10 мамырында «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арын Арыстанғали Қадырұлының бұйрығымен «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы болып Мирас Серікұлы тағайындалды.

Ауданға іс-сапармен арнайы барған “AMANAT” партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Қадырұлы жаңа басшыны ұжымға және аудан активіне таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Мирас Серікұлы 1991 жылы Жетісу облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылында дүниеге келген. Білімі — жоғары. 2012 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетін «Заңгер» мамандығы және 2014 жылы Ө.А.Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2012 жылы ҚР Ішкі істер министрлігі Алматы облысының Ішкі істер департаменті Қаратал ауданының полиция бөлімінің кіші инспекторы болып бастаған ол Полиция департаментінде түрлі қызмет жолынан өтті. Әр жылдары қаржы салысында қызмет етіп, 2022 жылдан бастап «AMANAT» партиясы Талдықорған қалалық филиалының консультанты қызметіне орналасып, сол жылы Жетісу облыстық партия филиалының персоналды басқару жөніндегі заң кеңесшісі-консультанты болып ауысты. 2023 жылы қаңтар айынан бастап Партиялық бақылау жөніндегі инспекторы қызметін атқарып, 2023 жылдың тамыз айынан күні бүгінге дейін ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Жиын барысында сөз алған Мирас Серікұлы өзіне жүктелген зор жауапкершілік пен сенімді ақтайтынын жеткізді.