«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының Сайлауалды бағдарламасының Жол картасында көрсетілген Алдаберген ауылындағы ауыз су құбырларының жөндеу жұмыстарын қадағалау мақсатында Партиялық бақылау посты құрылды. Бақылау посттың төрағасы аудандық фракция жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Баяхан Айдын Ықыласұлы.
Бүгінгі таңда Алдаберген ауылының су құбырын қайта жаңарту және салу объектісінде шарт бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Орындалған жұмыстар көлемі 90% — құрайды, жоба бойынша су құбырының ұзындығы 29 км, бүгінгі күні 29 км толық салынды.