«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы

«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының ұйымдастыруымен«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Жетісу ауылының тұрғыны үйіне барып қамқорлық көрсетіп, үй тіршілігіне көмектесті.
Акцияның мақсаты- жалғызбасты қария, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне жүйелі көмек көрсету. Ерікті жастармен қарт адамдарға шаруашылық бойынша көмектесу. Үй мен ауланы тазалау, азық-түлік пен дәрі-дәрмегіне көмек беру, ең бастысы — олармен әңгімелесіп, уақыт өткізу.
Акция барысында «Jastar ruhy» жастар қанатының мүшелерімен қарияның үй шаруаларына көмектесіп, әңгімелесіп хәл-ауқатын сұрап қайтты.
Жақсылыққа жаны құмар, жомарт жастардың көмегіне риза болған Фрида Андреевна, жастарға алғысын айтып, ақ батасын берді.Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.
Ардагерлер мен қарттар алдындағы парызымызды білеміз. Бұл парыз – оларға қамқорлық көрсету, оларды қолдау арқылы өтеледі. Ұрпақтар сабақтастығы жарасымымен сақталса елдің берекесі де, мерекесі де таусылмасы анық. Бейбіт заманның қадірін білетін қадірлілеріміздің ақылы – дария, өмірі – өнеге.

AMANAT