Бүгін «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясының кезектен тыс отырысы өткізілді. Отырысты аудандық мәслихат хатшысы Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы жүргізіп, күн тәртібімен таныстырды. Депутаттық фракция отырысының күн тәртібінде 2 мәселе қарастылды. Бірінші мәселе бойынша Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Тулақбаев Болат Толымбекұлының Ескелді ауданы бойынша сумен, электрмен, газбен және жылумен жабдықтау объектілеріндегі жағдайы туралы есебі тыңдалды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша бастауыш партия ұйымдарының төрағаларының партиялық жобаларды іске асыру бойынша Жетісу, Сырымбет, Қоңыр және Ақын Сара бастауыш партия ұйымдарының атқарған жұмыстары туралы тиісті шешімдер шығарылды. Депутаттық қызметін абыроймен атқаруға ден қойған фракция мүшелері партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасын іске асыруды басты бағдар еті. Жол картасындағы әрбір индикаторлық көрсеткіш пен іс-шараның өз деңгейінде жүзеге асырылуы үшін фракцияның әрбір мүшесі мен жауапты мемлекеттік органның, аудан әкімдігінің салалық басқармалары басшыларының жауапкершілігі қарастырылды. Айта кетейік, жөндеу жұмыстарын қадағалау мақсатында аудан бойынша 7 нысанда Партиялық бақылау посты құрылған.