Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа,
Ең алдымен өз тіліңді дұрыста. Иә, иә бүгінгінің сәніне айналған өзге тілді қосып сөйлеу үлгісі сәнге айналды. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тапқан салт-дәстүрі мен сабақтастығы болды. Ауру қалса да әдет қалмайды деген бар. Сонда қоғамның дертіне айналған ба? Көпке топырақ шашуға болмайды. Бірақ, жазар жазу мен ойлаған санадан, айтар тілден айып жоқ. Жаза жаза жауыр болған әуеннің бірі бұл тақырып.
Тіл — қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, бойына қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.
Ана тілі — ең басты байлығымыз. Ана тілі — ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім — қазақ тілі. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Бұл — ауыр тіл, бірақ әрбір Қазақстан азаматы мен азаматшаларына, яғни әрбір өмір сүріп жатқан қоғам оны білу керек. Бірақ, дейтін жеріміз бар осы тұста. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Сол көпұлттың ішінде біраз, адасып тіліміз бен дініміз бұрмаланып жүргені де аз емес. Неге? Кім кінәлі? Адам ба заманы ма?
Ана тілі — халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл — ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы — оның ана тілі. Тіл — халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі — оның бақыты мен тірегі.
Қазақтың ақылы – көзінде,
Қасиеті сөзінде болған. Ата –бабаның қасық қаны қалғанынша қайтпай күресіп, бізге дайынғып берген мұраны қалай қастерлемес ке?! Тілім тірлігімнің айғағы! Қандай тамаша, мағынасы терең сөз. Қай ақын өз тілін жырламады? Жырға қосып, әнге қоспайтын пенде жоқ шығар. Кейбір сараңдар Мемлекеттік тілге салақ қарайтынына қынжыласың! Бұл ретте еліктеушілік басым бізде. Неге десеңіз, бір жерден бірнәрсені көшіріп алу бүгінгінің сәні. Киімге еліктедік, әуелеген ән мен шалқыған биге, одан қалса тіліне де еліктедік. Әлемнің түпкіріне еліктемесек те өз дініміз бен тіліміз, сәніміз бен әніміз керемет емес пе? Басымдылық заманның ағымын кінәлайды. Дұрыс емес. Заман ол қоғам. Қоғам ол адам. Демек, адамы мен заманы бір. Заманын өзертетін де, гүлдендіретін де адамзат. Кінә, біреуді айыптаудан бұрын өз бойымыздан кемші тұстарымызды іздеуіміз қажет. Баяғының заманы қалып, бүгінгінің заманы теріске өзгерген деп жатады. Баяғы заман қалған жоқ, қалған емес. Тек, қолданыстан шығып барады. Баяғының келіндері баласын ұйықтатқанда әуендетіп өз аузымен бесік жырын айтса, бүгінгінікі ұялы телефонды не болмаса сәнге айналған яндекс музыканы қосады. Бесік жырының сөздерінің өзіне өзгеріс еніп кеткен. Дұрыс деп айтсам қоғамнан қалып қалған, бұрыс деп айтсам жауға айналып кетемін. Аузы мұрны қисық болса да байдың баласы сөйлесін деген боп тұр. Небір азаматтар мен азаматшалары халық жауына айналғаны өтірік емес. Шындықты біле тұра көз жұмып қарайтынымыз да бар. Ашық айтсаң арба сынып, бұқа өлетін заман болдық. Бүгінгінің келіндері менің мақаламды оқып ренжіп қалмасын, біраз жақтап қояйын. Келіннің келін болуына ең алдымен отбасынан көргені септігін тигізер. Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деген бар. Тоғыз ай жүрегінің астында, баласы аяғын нық басқанша анасының бауыр етінде болатын баланың анасының айыбы неде? Ата-ана туылғаннан бастап баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіреді. Бар білгенін баласына береді. Оны ары қарай алып кету баланың бойына біткен дағдыдан. Дағды өскен ортасы мен қоғамына қарай қалыптасады. Кім баласын жаман десін. Сол қоғамымен өскен баланың так-тагы сол ата-ананың мойында. Ал, ата-анасыз өскен бала ше? Бұл кісілерге кім кінәлі? Сұрақ көп, жауап біреу. Болар бала боғынан деген. Біреу өл десе өлмейдіғой. Демек, әр тіршілік иесі өз басын алып жүруге міндетті. Еліктейтін жерде бар, еліктемейтін жері бар. Міне осыны әрбіріміз ажырата білуіміз қажет. Бір өзге ұлттың азаматы отырып, жанында бес қазақ отырса тілді бұрмалап, бар білгенін жеткізгісі келіп, жан-жақты тырысып, жабылып жатып сол ұлттың тілінде сөйлейді. Міне, қандай кең пейіл халықпыз. Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады. Тіл — халықтың жаны, көптеген ұрпақтың ғасырлар бойғы еңбегі, қоғамның рухани өмірі мен жасампаздығының айнасы, біздің басты және баға жетпес байлығымыз. Адамдардың әлемдегі барлық істері тілдің көмегімен жасалады. Онсыз жұмыс істеу мүмкін емес, ғылымды, техниканы, қолөнерді, өнерді, өмірді бір қадам алға жылжыту ойға келмейді. Тіл — адамның ең ұлы жаратылысы. Егер тіл жоғалып кетсе, оның қандай болатынын елестету қиын болар еді. Ана тіліне ұқыпты қарау, оны дамыту халқымыз үшін әрқашан рухани парыз және абыройлы мәселе болған. Мұның жарқын дәлелі — халық ағартушылары: Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсариннің жанқиярлық өмірі мен қызметі.
Біреу тіл- біздегі барлық нәрсе, деп айтты. Келіскен жөн. Тіл бізге бір-бірімізді түсінуге мүмкіндік береді. Тіл қаншалықты бай және әдемі болса, осы тілде сөйлейтін адамдардың мәдениеті неғұрлым кең және қызықты болады. Тіл жоқ — адамдар болмайды. Мен үшін қазақ тілі — бәрі. Бұл менің Отаным, менің мәдениетім, менің отбасым, менің өткенім мен бүгінім. Сіз қазақ тілін оқып отырып Қазақстанның мәдениетін еріксіз түсінесіз. Ол ерекше және үлкен. Қазақ тілі, мен үшін, қасиетті нәрсе. Тек осы тілде сөйлеу жеткіліксіз, сіз не айтып отырғаныңызды білуіңіз керек.
Мемлекеттік тіл — мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.
Тіл тағдыры — ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.
Тіл — тек қарым — қатынас құралы ғана емес, ол — ұлттық дініміздің көрініс табатын әлеуметтік құбылысы, мәдениетіміздің биік тұғыры. «Тіл тағдыры — ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры — ел тағдыры» деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді. Өйткені ана тілі мәселесі — сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Елдіктің негізгі шарттары, түптеп келгенде мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенеді. Әрбір азамат өз елінің патриоты ретінде ең бірінші кезекте мемлекетті құрушы ұлт өкілдер — қазақтардың өзі бастап мемлекеттік тілдің абыройын асқақтатуға ат салысуы керек деп есептеймін. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген қанатты қағиданы жүрегіміздің төрінен орын алып, жолбасшымыз болуға тиіс.
Тіл — ұлттың жан дүниесі. Расында, қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы — ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана. Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың барлығы ел аузынан түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.
Сондықтан тіл әлемдегі ұлттық мәдениеттің ара қатынасында аса маңызды рөлге ие. Дара, дана тілімізді әрқашан дәріптеп, өзгеге еліктемей даралығымыз бен даналығымызды сақтайық. Тіліміздің қадір-қасиетін кетірмей, киелігінің кедергісіне ұшырамай, азғындардың азуына түспей, саналығымызды сақтайық. Қанмен келген қастерлі тіліміздің қадір-қасиетін кейінгі ұрпақ пен ізбасарларымызға ұлықтайық. Ұлылығымыз бен ұлттылығымыз ды, батыр бабаларымызды ұмытпайық. Сонда ғана тіліміз тіл, дініміз дін болмақ!
Іңкәр Ерболқызы,
Дайындаған