Тілім менің — таусылмайтын байлығым

Тіл — ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі- демекші, тіл — қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, бойына қалыптасады. Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы.Тіл – ұлттың жаны,халықтарының асыл белгісі,намысы,тыныс тіршілігінің көзі,Ата заңымен қорғалатын,еркіндігінің үні. Тәңірдің адам баласына жасаған — сыйы да – тіл. Оның қасиеттілігі, кереметтігі сондай, жан-дүниеңді өзіне тартып тұратын құдіреті бар. Тіл – бүкіл тіршіліктің тұтқасындай, ұлттың аса қастерлі, өзіне тән ажырамас белгісі. Тілдің тағдыры баршамыздың қолымызда. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер мәңгүрт. Тілдерді дамыту – елдердің мемлекеттік саясатындағы аса маңызды бағыттардың бірі. Тіліміздің жағдайы қиын, құрдымға батып жатыр деп отыра бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайтуға күш салғанымыз дұрыс. Тілді насихаттауда, үйретуде жеке адамдардың, отбасының қосар үлесі мол болуы тиіс. Әрбір отбасында, осындай тілге деген жанашырлық болса, тамшыдан дария болар дегендей, тіліміздің жағдайы әлдеқайда жоғары деңгейге көтерілер деп ойлаймын. Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқы болған – оның ғажайып тілі.
Қазақ тілін бізге ата бабаларымыз найзаның ұшымен білектің күшімен қорғап,алып берген. Қазақ тілі өзге тілдерге қарағанда жүрекке жеңіл,тілге оңай болып келеді.Қазақ тілінің тарихы өте тереңде жатыр.Осы тілім,елім,жерім деп қаншама ата бабаларымыз қанын төкті,жанын құрбан етті.Ол кісілерге үлкен рахмет айтып, құрмет көрсетуіміз керек және ешқашан ұмытпай жүрегімізде болуы тиіс.Себебі біздің өз тіліміз қазақ тілі болмағанда біз тілі жоқ діні жоқ надан халық болар едік.Біздің тілге деген құрметіміз тек қазақ тілінде ғана сөйлеу деген емес,қазақ тілін ұмытпай және басқа да тілдерді меңгеріп,дамып алға қарай жылжуымыз тиіс.Атам қазақ айтқандай өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте.Себебі біз көп-ұлтты мемлекетке жатамыз.Әрине әр тілді меңгеру,әр тілде сөйлеу әркімнің арманы.Және де біздің де басқа тілге деген көзқарасымызбен құрметіміз өте ерекше жоғары.Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді.Сондықтан ана тілін білмей, ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес.Ана тілінің қадір қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттық рухына,қазына байлығына балайды.Себебі тіл халықтың жаны,сәні,тұтастай кескін келбеті,ұлттық болмысы.Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз,ана тіліміз қазақ тілі. Қазақ тіліне деген құрметті біз өскелең ұрпаққа көрсетуіміз керек. Себебі болашақ жастардың қолында.Егер олар шүлдірлеп тек өзге тілде сөйлеп,өздерінін ұрпақтары да өзге тілде ғана сөйлеп кетпеуіне кім кепіл? Онда елімізге,жерімізге үлкен қауіп,қатер төнуі әбден мүмкін.Сол себепті жүрегі елім,жерім деп соғатын ұрпақ тәрбиелеп шығару біздің қолымызда.Ол үшін ең алдымен біз өзімізден бастауымыз керек.Қазыр заманның дамығаны сонша кітап оқымаймыз,тек телефонға телмірген жастарды көріп ішің ашиды. Айтпағым тілді дамыту тек сөйлеп қане қоймай кітап, газет-журналдар,шығармалар оқып тіл байлығымызды арттыру. Тілдің ұлт үшін ең үлкен байлық екенін әрбір қазақ терең түсінсе ғой, шіркін! Өз тілімізге өзге тілді қосып сөйлеп тұрған үлкендерді көрсем, өзге тілді таза сөйлеп өз тілін менсінбей тұрған аға-әпкелерді көргенде мен тек қана: «Алла санаңыз мен зердеңізді, ана тілді үйренуге деген зейініңізді ашсын, жүрегіңізге иман берсін» деп тілеймін.
Бірақ бұл арада көптілділіктің еш айыбы жоқ екенін ұмытпаған дұрыс. Қазақтың ұлы философы және ақыны Абай Құнанбаев бірнеше тілді меңгерген, ал бұл жайт оның қазақ тілін насихаттауына кедергі болмаған. Бүгінгі таңда, көп тілді меңгеру біздің қалауымызға ғана байланысты емес. Ол қажеттілікке айналған. Егер адам бәсекеге қабілетті болғысы келсе, оған басқа тілдерді үйренуіне тура келеді. Тек қазіргі заман ағымына ілесе даму ниеті болса болғаны.
Біз қазақтың әдеби тілі, басқа халықтардың да әдеби тілі сияқты, мәдениетті ілгері бастаушы қуатты құрал. Ана тілін ардақтап, мәпелеп, тәрбиелеп өсіру – ананың баланы мәпелеп, тәрбиелеп өсіруі сияқты; ана тіліне ұқыпсыз, көңілсіз, қалай болса солай қараушылық – барып тұрған мәдениетсіздіктің белгісі. Елінің болашағын ойлаған, құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Қазір біз заманауи қазақ елінде тұрамыз. Ақпарат құралдарының, технологиялардың дамыған кезеңі. Бұл – біздің үнімізді, рухани байлығымызды бүкіл әлемге танытуға мол мүмкіндік. Тек таза сөйлеп, айтатын ойымызды жоғары дәрежеде мағыналы шебер жеткізе алсақ болғаны. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та, жазсақ та таусылмақ емес. Адамзаттың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл – тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі.
«Ұлттың тілі – ұлттың ділі» деп, халық даналары айтқандай, ұлтымызды сақтайық. Ана тіліміздің айбынын асқақтатып, қасиетті қазақ жерінде қазақ тілінің мәртебесін көтерейік! Төл тілімізден қашпай керісінше төрге сүйрейік сонда ғана Қазақстан берік ел болмақ!

Диана Дауренқызы