“НАҒЫЗ ҚАЗАҚ — ДОМБЫРА”

Биыл алғаш рет Ұлттық домбыра күні республиканың түкпір-түкпірінде дүркіреп мерекеленді. Дәл сондай ірі шара демалыс күнінде ауданымыздың Мәдениет үйінің алдында мерекеленді. Жастардың қатысуымен «Нағыз қазақ – домбыра» атты флешмоб өтті. Шарада аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Д.Идрисов келген жұртты мерекелерімен құттықтап, жастарды ұлтжандылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеуге және құрметтеуге шақырды. Осы орайда ауданымызда көптеген шаралар ұйымдастырылып, киелі қазақ домбырасының мерекесі өз деңгейінде өткізілді.