ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Титов атындағы орта мектебінде 8-сынып оқушыларымен «Жемқорлық — ғасыр дерті» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы, «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты спорттық эстафета жарысы өткізілді.
«Жемқорлық — ғасыр дерті» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелдің ұйымдастыру барысында құқық пәнінің мұғалімі Қасқа Шағман оқушыларға жемқорлық — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттер екенін түсіндірді. Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Ата Заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Шара соңында «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты тақырыбында спорттық эстафета ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, эстафета спорттық ойынын дамыту, оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткізілді. Сыбайлас жемқорлық — қоғам індеті. Сондықтан жас-тарды жақсы жолға жетелеу, оларға түзу жолды көрсетіп, сол жолда еңбек етуге баулу – біздің міндет.
Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды: 1 орынды «Алау» тобы, 2 орынды «Жалын» тобы, 3 орынды «Сұңқар» тобы иеленіп, мадақтау қағаздарымен марапатталды.
Титов атындағы орта мектебі.