АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІ БАС ҚОСТЫ

Қазан айының 17-сі күні аудан әкімінің кіші мәжіліс залында «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен «Алматы облысының ата-аналар комитеті» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дания Қыдырбаеваның ұйымдастыруымен аудан әкімінің орынбасары Ермек Әпеков пен 25 мектептен ата-аналар комитеті арасында ашық жиын өтті.
Жиында мектеп оқушыларының сыныптан тыс шараларын ұйымдастыру барысында ата-аналардың ықпалын, алдағы уақытта қандай өзгерістер жасауға болатынын талқылады. Ата-аналар тарапынан бірнеше ұсыныс берілді.
Өз тілшіміз.