Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай Ескелді ауданында 11 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Тұрғын үйдің кілттері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы табысталды. Аталмыш бағдарламаның аясында ауданға қарасты Қарабұлақ ауылдық округінен 6 үй, Сырымбет ауылдық округінен 1 үй, Бақтыбай ауылдық округінен 1 үй, Алдабергенов ауылдық округінен 2 үй және Төлеңгіт ауылдық округінен 1 үй берілді.
Көпбалалы аналарға берілген үйлердің ауласы кең, тұрмыстық жағдайға қолайлы. Бұл үйлер үйдің кезегінде тұрған аналарға беріліп отыр. Айта кету керек, жыл басынан бері Ескелді ауданында 18 көпбалалы отбасы тұрғын үйге қол жеткізді.
А. ОРАЛБЕКОВА