ҚАЛАМЫ ҚАРЫМДЫ, ЕҢБЕГІ ЕЛЕУЛІ ҚАЛАМГЕР

Қызығы мен қиындығы қатар жүретін, үнемі ізденісті, жауапкершілікті талап ететін редакция қызметкерлерінің қоғамда алатын орны ерекше. Үнемі халықпен бітеқай¬на¬сып, солаыңмұң-мұқтажын, тыныс-тіілігін, қоғамда орыналған жайлардыңжай-жапсарын дер уақытындажеткізіпотыратынтілшілердің еңбегі қайкезде де жоғарыбағаланады.Өмір өрнегі ерек, абырой-беделі, мерей-мәртебесі бөлек Дауылбай Қалқабекұлы Досымбеков. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, жібектей сусыған өмірде кейде жаныңда жүрген жайдары жандардың игі істерін де елемей жататынымыз рас.
Өнегелі адамдарды ардақтап, олардың қабілеттері мен дарындарын ұрпаққа үлгі етіп отыратын халқымыз «Жаныңда жүр жақсы адам» деп көкірегі ояу, рухы биік, жүрегі таза тұлғаларды қашанда қолдап, мерейін арттырып отыруға игі ықпал еткен.Ескелді аудандық «Жетісу шұғыласы» бұрынғы «Заря Семиречья» газетінде елу жылдай қызмет істеген Қазақстан журналистер одағының мүшесі «Ескелді ауданының құрметті азаматы» Дауылбай Досымбековтың таяуда баспадан шыққан «Көңілімнің көкжиегінде»атты жаңа кітабының «Тұсау кесер»рәсімі Ескелді аудандық кітапханада өткізілді. Шараға аудан әкімінің орынбасары Жұмағұл Әбдіраманұлы қатысып, жылы лебізін білдіріп, кітаптың тұсауын кесті. Аталмыш шараға Аудандық кітапхана барынша дайындалып, Дауылбай Қалқабекұлы жайлы бейнеролик пен кітап көрмесін де ұйымдастырды.Қаламы қарымды ардагер журналисттің иығына шапан жауып, батасын алды. Жалпы бұл Дауылбай атаның оқырманға ұсынып отырған алғашқы туындысы емес .Ол газет шығарумен айналыса жүріп,көркем жанырда да қалам терген журналист .Oған дәлел 1997 жылы «Ауылым Сарнақайдың еңбегінде»деген атпен және кітап шығарды.Онда автор қарапайым еңбеккерлердің өнегелі істерін тілге тиек ете отырып,шаруашылық жетекшісінің байыпты да білікті басшылық тарапын,жаңа өмір арнасына қарасты батыл бетбұрыс жасаған шаруа қожалықтарының абзал азаматшалары туралы ой толғайды .
«Жетісу орта мектебі еңбегімен елге әйгілі,жасөспірімдерге тәлім тәрбие беру жөнінде өткізілген Республикалық байқаулардың әлденеше дүркін жүлдегері болып үлгі тірек орталығы атанған білім ордасы .1999 жылы сол мектеп өзінің 70жылдығын тойлады.Сол мереке қарсаңында Дауылбай Қалқабекұлы өзі де бір кездері білім алған мекебі жайлы «Ұлағат ұясы»деген кітап жазып,соның баспадан шыққан біршама данасын мектебіне сыйға тартты .Қаламгер 2009жылы оқырмандарына «Сағымды жылдарым — аяаулы жылдарым» деген үшінші кітабын ұсынды .Онда сағынышқа айналып бара жатқан сол бір аяулы жылдарын сағынышпен еске ала отырып,бұлда бір ескерткіш қой деген оймен, көзалдыңа әкелгендей болады.
Ал «тұсау кесер»рәсіміне арқау болып отырған еңбегіне обылыс әкімінің жүлдесі үшін жыл сайын өткізілетін байқауларын да әртүрлі номинациялар бойынша үш дүркін (2013,2014 және 2015жылдары)жүлде алған шығармалары ,өрелі еңбектерімен танылған азаматтар туралы көркем өзгерістері, «Рухани жаңғыру»аяасында «Туған жер тұғырың» , «Астананың өркендеуі Қазақстанның өркендеуі» және «Ардақ тұтар есімдер»айдарымент жазылған ой толғаулары енгізілген .Осы тұрғыда автордың өзі ;«Қолыңызға алған бұл жинақ талайданбері менің көңілімнің көкжиегінде асыл қазынадай сақталып жүрген ой толғамдарымның бір парағы ғана.Ал,кітаптыңбеташарын кезінде үлкен бетбұрыс туғызып , халықтың қолдауына ие болған. «Рухани жаңғыру»үрдісі белең алып тұрған шақта . «Туған жерін сүйе алмаған ,сүйе алар ма туған елін»деп басылымдарымның да өзіндік алған мағынасы бар .Ондағы ойым ,бүгінгі және кейінгі жастардың санасына туған жерге деген сүйіспеншілікті өрбіту . «Туған жер тұғырың» деген дана халқымыз бекер айтпаған ғой .Менің де ойым,туған жердің қадір қасиетін бағалай отырып ,оны өркендетуді назардан тыс қалдырмайық деген ниет еді»деп жарылады.Әр дәуірдің,әр кезеңнің мақсат мүддесі,қам қаракеті болатындығы ақиқат.Қолдарыңызға алғалы отырған жинақша сол кезеңнің кескін келбеті,халықтың қарым қабілетті,қолжеткізген мерейлі жетістіктері,ардақ тұтар абзал азаматшалардың өрелі істері,парасат пайымдары шамалы болса да.Сіздердің назарларыңызға ұсынылды .Олар негізінен «Тұғыры биік тұлғалар», «Ардақ тұтар есімдер» деген бөлімдерге арқау болған .Сонымен қатар келесі бөлімдерде «Ел тірегі Елорда» және «Келбеті кербез ауасы жұпар Бурабай»деп ой толғауларының да орны да мәні бөлек.Астананың өркендеуі ,еліміздің өркендеуінің бір көрнісі, деп біледі былайғы жұрт.Небір істер де ең алдымен Елордадан бастау алады.Сондықтан халықтың Астанаға деген үміті зор.»- деп ой түйеді автор .
Жаңа кітаптың «Тұсау кесу»рәсіміне қатысқан оқырмандардың да айттар тілектері аз болған жоқ .
« Мен Дәукеңді көптен бері жақсы білемін.Қызмет бабымен бір шаңырақтың астында он жылдам астам уақыт бірге отырдық .Жазып сызып жүрген дүниелерінен де хабарым мол .Кейде ойға алған дүниелер турасында пікірлесіп қоятыным бар.Көбіне байыпты ,тиянақты жазатынын аңғарып келем ,деді көпті көріп ,көңілге түйгені мол еңбек ардагері , «Ескелді ауданының құрметті азаматы» Сайып алды Төлеуов.Сол жазбаларының біразы осы кітапқа енген сияқты .Сәтті болсын өз оқырмандарының көңілінен шығатындығына мен сенімдімін . Дауылбай маған осыдан біраз жыл бұрын баспанадан шыққан «Сағымды жылдырым –аяулы жылдарым»деп аталатын кітабын сыйға таратқан болатын.Оқыдым ой елегіне салып ,іштей ризашылығымды білдірген едім.Мына кітап та өз оқырманын табады деген сенімдемін ,-деді құқық қорғау саласында ұзақ жылдар бойы қалтқысыз қызмет істеген еңбек ардагері , «Текелі қаласының құрметті азаматы» Ертай Тұғылбаев . Еңбегінің жемісіне,халықтың ризашылығына бөлене бер,-деп ойын түйіндеді қадірменді мейман.
Ауыл шаруашылығын өркендеуге айттарлықтай үлес қосқан еңбек ардагері Оңалбай Бейісбековтің де ізгі тілегі аз болған жоқ .Мен осыдан біраз жыл бұрын асы кітаптың алғашқы данасының бірін алып кетіп,оқып шыққаным бар.Қамтыған тақырыбы ауқымды екен .Жүйелі жазылған.Кітаптың безендірілуі де әдемі .Дәукеннің бұрын газет қызметкері болғаны да анық білініп тұр.Қаламыңыз мұқалмасын,оқырмандардың ризашылығына бөлене беріңіз,-деп ол да ойын түйіндеді.
Қаламы төселген қаламгер!
Мерзімдік басылымдарға хабар-ошар,шағын-шағын мақала, суреттемелер жазуға ол мектеп қабырғасында оқып жүрген кездерде-ақ бейімделе бастады.Біраздан бері оның жазу-сызуға деген осындай ынта-ықыласпен аңғарып жүрген аудандық газеттің сол кездегі тәжірибелі редакторы, көпті көріп, көңілге тоқығаны мол белгілі журналист,Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, Қазақ ССР-нің Мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкері Рымтай Даулетов кейіннен оны (1968ж) мектепте мұғалім болып қызмет істеп жүргенде аудандық газетке шақырып алып,журналистік қызметке баулыды.Сардар ұстаз қателеспепті.Дауылбай белгілі журналист ағаның сенімін ақтай білді. Бүгінде оның журналистік кәсіппен шұғылданғанына 50 жыл толады. Абырой-атағынан гөрі тауқыметі молдау журналистік мамандықты осыншама уақыттан бері қалтқысыз атқару оңай шаруа емес екенін оның дәмін татқандар жақсы біледі.Әрі жарты ғасыр бойы бір редакцияда қызмет атқару,асқан төзімділік пен байсалдылықты қажет ететін жай.Сол қиындықарға ол мойыған емес. Журналист кәсіпке деген ынта-ықылас, талмай іздену-оны өз ісіннің жетік маманы дәржесіне көтерді. Газет зшығару ісінде қандай міндет болса, соның бәрін ол атқара білді. Олаудармашы да, әдебиет қызметкері де, бөлім меңгерушісі де, жауапты хатшы да, бас редактордың орынбасары да қызметін атқарды. Бас редактордың орынбасары-жауапы хатшы қызметін атқара жүріп, аудан өміріндегі сан- саналы қоғамдық істерге де белсене араласты.
Дауылбай газет редакциясында қызмет істей жүріп, Қазақтың С.М.Киров атындағы (бүгінгі Әл-Фараби атындағы) Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдады. Москвадағы Жоғары партия мектебінде журналистік кәсіпті жетілдіру курсында оқыды. СССР және Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшелігіне қабылданды.
Аудандық «Жетісу шұғыласы»- «Заря Семиречья» газеті кезінде көркем безендірілуі және полиграфиялық орындалуы жағынан 1972, 1975, 1982, 1987 және 1988 жылдары Республикалық конкурстарға қатысып, 5 рет жүлделі екінші және үшінші орындарды жеңіп алды. Сондай жетістікке жетуге газеттің жауапты хатшысы ретінде Д.Досымбековте айтарлықтай атсалысып, сол байқаулардың бес дүркін Дипломанты атанды.
Дауылбай Қалқабекұлы газет шығарудың күнделікті қауыр та күрделі жұмыстарын атқара жүріп, бүгінгі күн тақырыбындағы өзекті, проблемалық жайларға тұрақты назар аударып, ой толғап отырады. Осы орайда оның облыстық,аудандық газет беттерінде жарияланған «Сүт бұлағы неге кеміді?»,»Бүгін малдан айырылсақ, ал ертең…», «Бапқа бітер бал дақыл- қант қызылшасы неге құлдыратып алдық?», «Қант қызылшасын өсіруге шетелдік технологияны қолданғанымыз жөн бе?», «Өркеніді ауылдың еңсесін өмендетпейік», «Қазақтың малы – қазынасы емес пе еді?» деген өзекті мәселелерді қамтыған толғамды мақалларын айрықша атаған жөн. Дауылбай көркем жанрда да қалам тербеп жүрген журналист. Оған дәлел, очерктерінің басын қосып, 1997 жылы «Ауылым Сарноқайдың етегінде» деген атпен жеке кіап етіп шығарды. Онда авор қарапайым еңбеккерлердің өнегелі істерін тілге тиек ете отырып, шаруашылық жетекшісінің байыпты да білікті басшылық талантын, жаңа өмір арнасына қарай батыл бетбұрыс жасаған шаруа қожалықтарының абзал азаматтары тралы ой толғайды.
Жетісу орта мектебі-еңбегімен елге әйгілі, жасөспірімдерге тәлім-тәрбие беру жөнінде өткізілген республикалық байқаулардың әлденеше дүркін жүлдегері болып үлгі-тірек орталығы атанған білім ордасы. 1999 жылы сол мектеп өзінің 70 жылдығын тойлады. Сол мереке қарсаңында Дауылбай өзі де бір кездері білім алған мектебі жайлы «Ұлағат ұясы» деген кітап жазып,соның баспадан шыққан 700 данасын мектебіне сыйға тартты.
Қаламгер 2009 жылы оқырмандарына «Сағымды жылдарым-аяулы жылдарым» деген үшінші кітабын ұсынды.
Сонымен қатар 1967 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясы шығарған «Культура и быт казахского колхозного аула» деп аталған кітапқа, 2002 жылы баспадан шыққан Ескелді ауданының кешегісі мен бүгінгісі туралы «Ата-қонысым-құт мекенім» тарихнама кітабына және 2007жылы шыққан «Жалайырлар» жинағына Дауылбай Досымбековтың суреті басылып,біраз мағлұматтар берілген.
Журналистика саласындағы қалтқысыз қызметі және аудан өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін Дауылбай Досымбеков әлденеше рет облыстық, аудандық әкімдіктің,облыстық ішкі саясат басқармасының, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Құрмет грамоталарымен,Алғыс хаттарымен және арнайы Дипломдарымен марапатталды.
Қр-ның сол кездегі Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын және «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» жоспарының орындалуын, еліміздің әл-ауқатын жақсарту жөніндегі мемлекеттік саясат пен бағдарламаларды облыс БАҚ арқылы насихаттау жолындағы шығармашылық әрі белсенді жұмысы үшін Д.Досымбеков 2015 жылы облыстық «Медиахолдинг «Жетісу Ақпарат» акционерлік қоғамның Алғыс хатына ие болды.
Журналистер арасында Алматы облыс әкімінің жүлдесі үшін өткізілген байқауларда да Досымбековтың мерейі үстем болып, қатарынан 2013 және 2014 жылдары жүлдегер атанып, Облыс әкімінің 2-дәрежелі Дипломымен және ақшалай сыйлықарымен марапатталды. Осындай марапатқа 2016 жылы да ие болды.
Қаламгерге аудан әкімінің ұсынысы негізінде аудандық мәслихатың шешімімен 2005 жылы «Ескелді ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Өз тілшіміз