АШЫҚ БІРІНШІЛІКТЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

15 қараша күні Талдықорған қаласында «Өркен» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан 2006-2007 жж. туылған жасөспірімдер арасында Талдықорған қаласының ашық біріншілігі өтті. Оған Ескелді ауданынан 50-70 кг салмақ дәрежесінде Асылхан Амантай қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Асылхан Алдабергенов атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы. Жас өренге қазақ спортында жарқырап көрінер танымал боксшы атануына тілектеспіз.
З. ЖҰМАБЕКОВА.