ҮЗДІК ҮШТІКТЕН КӨРІНДІ

Жақында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған Голбол паралимпиадалық спорт түрінен ашық турнир өтті. Ескелді ауданынан Айдын Мүтәліп, Руслан Аязбаев, Серік Жұмабеков бір команда болып қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жеңімпаздар грамота, кубок және медальдармен марапатталды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың жеңіс тұғырынан көрінуі, әрі осындай марапаттарға ие болуы жаттықтырушы Эльмира Шалқарованың жемісті еңбегі.
З. БЕЙБІТҚЫЗЫ.