Мен Отанымды сүйемін

Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әскери патриоттық тәрбие жоспарына сәйкес, әскери жетекшісі Абдуллин Р.Х ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Мен Отанымды сүйемін» атты әскери патриоттық ән байқауы өтті.
Шығармашылық байқауды өткізудің негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың бойында жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру; мәдени бірегейлікті сақтау; этносаралық бейбітшілік пен келісімді нығайту; жастардың бойында ұлттық құндылықтарды сақтауға баулу мен патриоттық сезімдерін артыру болып табылады.
Отан-әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз .Адам жүрексіз өмір сүре алмайтындай Отансыз да өмір сүре алмайды. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мелекеттер таныған ел. Патриоттық әндер үгіт — насихаттың ықпалын арттырып, жастардың жігерін жани түседі. Яғни, халықтың рухын көтеріп, азаматтық белсенділігін арттыруда патриоттық бағыттағы әндердің маңызы зор.
Халқымыздың қаһармандық тарихын құрметтеу, армияда қызмет ету беделін нығайту мақсатында өткізілген байқауға 7-10 сыныптар қатысып, өз бақтарын сынады. Қатысушылар байқау ережесі мен талаптарына сай бағаланып, мектеп директоры Оспанов Ж.Т атынан жүлделі І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және байқауға белсене қатысқаны үшін сынып жетекшілері: А.Е.Өмірхановаға, Н.Б.Азнабаеваға, Л.Т.Есімхановаға, АТ.Данышпановаға, А.Ж.Жакупбековнаға алғыс жарияланды.

Ә. Байтубекова,
«Бақтыбай Жолбарысұлы
атындағы орта мектебі» МДШО
КММ-нің мектепалды даярлық
сыныбының тәрбиешісі.