1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 3 желтоқсанды Халықаралық мүгедектер күні деп жариялады және барлық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды осы күнді өткізуге шақырды.Мүгедектігі бар адамдар қоғамдық өмірдің негізгі салаларына кіру үшін көптеген кедергілерге тап болады.Мүгедектігі бар адамдардың күнделікті істерде кездесетін қиындықтары туралы халықтың хабардарлығын арттыру үшін Халықаралық мүгедектер күні бекітілді.Осы орайда, «AMANAT» партиясыЕскелді аудандық партия филиалының депутаттары «Демеу» МҚБ тәрбиеленушілеріне «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында әлеуметтік көмек көрсетті. «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы Баяхан Айдын Ықыласұлы жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созуды назардан тыс қалдырған емес. Бүгін де аудандық мәслихат депутаттарымен біріге отырып демеушілік жасап, «Демеу» МҚБ тәрбиеленушілеріне азық-түлік себеттерін табыстады. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрмысын жақсартуға бағытталған депутаттардың оңды ісін «Демеу» МҚБ директоры Ұзақбаев Ахат ағамыз демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдірді.